ЖШС «ADAN мектебінің» төлқұжаты
ЖШС «ADAN мектебі» ресми түрде «16» маусым 2020 жылы мектеп есебінде заңды тұлға ретінде тіркелді. «16» тамыз 2021 жылғы № KZ34LAA00031890 білім беру қызметімен айналысу үшін берілген мемлекеттік лицензиясы негізінде алғашқы рет 2021 - 2022 оқу жылынан бастап бастауыш мектебі ретінде оқушылар қабылдап өз жұмысын бастап кетті.
Мектеп ғимараты 2020 - 2021 жылдары күрделі жөндеуден және қайта құрудан өтті.
Мектептің сыйымдылық қуаты 600 оқушыға арналған.
Мектеп құрылтайшысы - Ашляев Хазбулат Сопыжанұлы.
2021 - 2022 оқу жылынан бастап, қазіргі таңға дейін мектеп директоры және бас атқарушылық директоры - Башенов Асылбек Кутжанович қызмет атқарып келеді. 2025 - 2026 оқу жылында мектеп директоры - Исабекова Эльмира Шеримовна, мамандығы «Бастауыш оқыту педогогикасы мен әдістемесі», біліктілік санаты - педагог зерттеуші.
Бүгінгі күнде мектепте 1 - 4 сыныптарда 260 оқушы білім алуда, 24 мұғалім жұмыс істейді. Біліктілігі жоғарғы деңгейдегі педагог - зертеуші - 6 мұғалім, педагог - сарапшы - 1 мұғалім, педагог - модератор - 10 жұмыс атқарады және екі жас маманмен қамтылған. Біліктілік деңгейін көтеру мақсатында барлық мұғалімдер деңгейлік курсты бітірген. Оқу үрдісі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жүргізіледі. Оқу мекемесі математика мен ағылшын тілі пәндерін тереңдетіп оқытады.
Оқушылардың заман талабына сай жан - жақты білім алуына барлық жағдай жасалған. Мектепте оқушы бойындағы талап пен талантты жетілдіру мақсатында әр - түрлі факультативтік және үйірме сабақтары жүреді. Хореография, шахмат үйірмелерімен қатар спорт сүйер оқушыларға арналған «тоғызқұмалақ, еркін күрес» үйірмелері жұмыс істейді. Бүгінгі таңда білім беру мекемелерінің алдында өз бетінше іздене алатын, өзіне қажетті білімді өз бетінше ала алатын тұлға тәрбиелеу міндеті тұр. Бұл міндетті жүзеге асыруда оқыту технологиялардың алатын орны ерекше. Мектеп 32 оқу кабинеті, 1 ішкі спорт зал және сыртқа жабық спорт алаңымен қамтылған. Соның ішінде 20 интерактивтітақта, 1 информатика кабинет оқушылардың сапалы білім алуына қызмет етеді.
